Біздің мектеп оқушылары «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсене қатысып, мейірімділік, жомарттық және кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Әрбір сыйға тартылған кітап – бұл жай ғана сөреге қойылған басылым емес, ол жаңа оқиғаларға толы әлем, білім мен шабыттың қайнар көзі. Оқушыларымыздың атсалысуының арқасында кітапхана қоры құнды әрі қызықты кітаптармен толықты, енді олар өз оқырмандарын табады.
Осындай игі іске өз үлесін қосқан әрбір жанға алғысымыз шексіз! Сыйға тартылған кітаптар өз оқырмандарын тауып, жаңа ашылулар мен арманға жетелер көпір болсын!
Ученики нашей школы приняли активное участие в акции «Подари книгу библиотеке», проявив доброту, щедрость и любовь к чтению.