«Азат елін сүйген ұл бақытты, жаңа жұртын сүйген қыз бақытты» пәндер онкүндігінің аясында мұғалімдер Шонанова Ф.Р. мен Әйтім С.Қ. «Қазақтың батыр қыздары» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Бұл іс-шара интеллектуалды сайыс түрінде өтті және оның барысында «Мәтінмен жұмыс», «Кім тапқыр?», «Пазл құрастыру» деген жарыстар өтті. Сабақта мұғалімдер жасанды интеллект бағдарламасын қолданды. Қазақтың батыр қыздары Әлия мен Маншүкті сөйлетіп, оқушыларды қызықтырды. Әлия туралы жасанды интеллект бағдарламасымен бейнефильм көрсетілді. Сабақтың соңында оқушылар мен мұғалімдер бірігіп «Әлия» әнін орындады. Бұл тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.