5 наурыз күні мұғалімдер Закирова Ш.К. мен Сағындыққызы Б. ұйымдастыруымен «Отан-Ана» тақырыбында 9 «А» және 10 «А» сынып оқушылары үшін тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Отан туралы түсінігін кеңейтіп, ана мен Отан ұғымдарының тығыз байланысты екенін ұғындыру. Оқушылар «Отан деген не?» тақырыбында пікір алмасып, викториналық ойындарда білімдерін сынады.
«Ана» сөзіне байланысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз аналарына арнап ашық хаттар дайындады. Жасанды интеллект көмегімен жасалған видеороликтер арқылы әсерлі сәттерге куә болды. «Анашым» әнін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, Отан мен ананың қадірін тағы бір мәрте сезінді.