«Қыз сыны: таланттар бәйгесі»
6 наурызда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында пән мұғалімдері «Қыз сыны» талантты қыздар конкурсын өткізді. Конкурсқа 6-10 сыныптардан 11 қыз қатысып, өздерінің ерекше қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар барлық жанкүйерлерді таңқалдырып, түрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды. Қыздар сайыстан кейін жүздерінде күлкі, жетістіктеріне мақтанышпен және өз күштеріне сеніммен қайтты, өйткені бұл байқаудың әрбір сәті қолдауға, түсіністікке және шабытқа толы болды.