Пәндер онкүндігі аясында 9–10 сыныптарда Раушанова Г.К. және Темиралина А.К. ұйымдастырған «С книгой дружи, Родину люби!» атты интерактивті ойын өткізілді. Орыс және қазақ әдебиеті бойынша өз білімдерін 9 «Б» мен 10 «Б» сыныптардың «Умники» және «Умницы» командалары көрсетті. Балалар әдебиет білімпаздары атану үшін бар ынтасын салды: жазушылар мен шығармаларды сурет арқылы таныды, бейнеүзінділер бойынша кейіпкерлерді атады, өлең жолдарын жалғастырып, шифрланған фамилияларды тауып шықты. Екі команда да өздерін лайықты қарсылас ретінде көрсетті, ал жеңіске «Умники» командасы жетті. Құттықтаймыз!