«Жұлдыздар жарқырайды» – арнайы үш мектеп арасында өткен шығармашылық байқау
Бүгін үш арнайы мектеп арасында ұйымдастырылған «Жұлдыздар жарқырайды» шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Бұл жарқын шара балалар үшін нағыз мерекеге айналып, әр бала өз қабілетін көрсетіп, шығармашылық аспанда өз жұлдызын жақты!
Шексіз алғысымызды «Дар» @of_dar қоғамдық қорына және «Руки матери» @ruki.materi қайырымдылық қорына білдіреміз. Балалар шығармашылығын дамытуға қосқан қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңызбен бұл байқау жоғары деңгейде өтіп, балаларға қуаныш пен шабыт сыйлады.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жарқын болашақ тілейміз!