Қазақстандағы алғашқы инклюзивті футбол лигасы-UNI Football Leaque жобасы аясында өткен іс-шара.
2025 жылғы 8 шілдеде Астана мен Қарағандыдан ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдер арасында жолдастық кездесу өтті. Іс – шара Қазақстандағы алғашқы инклюзивті футбол лигасы-UNI Football Leaque жобасы аясында өтті. Жобаны «Bolashak Charity» Қоғамдық Қоры, Қазақстан футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» Корпоративтік Қоры жүзеге асыруда. Ол ерекше балаларды қолдауға, инклюзивті спортты дамытуға және футбол арқылы мейірімділік пен өзара көмек құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Біздің мектептен матчқа Әбдірахман Нұрсұлтан, Битнер Роман және Чауш Оглы Олсар қатысты. Балалар өздерін жақсы жағынан көрсетті, тамаша ойын көрсетті және 9:1 есебімен жеңіске жетті.