2025 жылғы 1 қыркүйекте №2 арнайы мектепте жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Шара барысында оқушылар мен ұстаздар Мемлекеттік Әнұранды бірге шырқады. Мектеп басшысы жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. Оқушылардың мерекелік құттықтаулары мен өнер көрсетулері шараның сәнін кіргізді.
Салтанатты жиынға ата-аналар, ұстаздар қауымы және мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.