«Шабыт» бағдарламасы аясында 7 «Б» және 7 «В» сыныптарында «Өз қолыңмен жасалған ойындар» жобалық қызметі бойынша сабақтар өтті.
10.02.2026 ж. оқушылар «Түсті нүктелерді қос» нейротренажёрымен жұмыс жасап, жазу дағдыларын, зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын және кеңістіктік түсініктерін дамытты.
11.02.2026 ж. санау дағдыларын бекітуге, зейін мен есте сақтауды, логикалық ойлауды дамытуға бағытталған «Санау стакандары» дидактикалық ойыны өткізілді.
Өткізілген ойындар ойын арқылы оқытудың сабаққа қызығушылықты арттыратынын, танымдық қабілеттерді дамытатынын және үлгі мен нұсқаулық бойынша жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратынын көрсетті.