2026 жылғы 20 ақпанда мектебіміздің 9–10-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Құрылыс-техникалық колледжге барды. Экскурсияның мақсаты – білім беру ерекшеліктерімен және жұмысшы мамандықтарымен таныстыру, сондай-ақ саналы түрде мамандық таңдауға қызығушылық қалыптастыру.
Колледж әкімшілігі мен оқытушылары оқушыларға оқу орнының тарихы, қабылдау шарттары және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Экскурсия барысында оқушылар оқу кабинеттері мен шеберханаларды аралап, заманауи құрал-жабдықтармен танысты және әрлеу жұмыстарының шебері, дәнекерлеуші, электрмонтер, сантехник, техник-құрылысшы және басқа да мамандықтардың ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.
Іс-шара іскерлік әрі жылы атмосферада өтіп, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы таңдауға ынталандырды.